20.11.2022, 06:00 8511

Қазақстанда Президент сайлануда

Қазақстанда Президент сайлануда
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін, 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасында Президенттің кезектен тыс сайлауы өтуде.
 
Республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
 
Сайлау учаскелерінің негізгі бөлігінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. 86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
 
Сайлауға алты кандидат тіркелген:
 
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды.
 
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды.
 
Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн. 950 мың 485. Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1% резервін қоса алғанда, сайлау бюллетеньдерінің саны 12 069 990 құрайды. Бюллетеньдер мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған.
 
Қазақстандықтар сайлауда eGov mobile қосымшасында және банктердің мобильді қосымшаларында цифрлық куәлікпен дауыс бере алады. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына 600-ден астам халықаралық байқаушылар қатысады.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізуді ұсынған болатын.
 
Кезектен тыс сайлау 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.
 
Айта кетейік, қазір Қазақстанда Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл мерзімге шектелген. Қайта сайлауға тыйым салынады.
 
Қазақстан Президенті сайлауынан мәтіндік трансляциялау:
 
 
 
 
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны