20.11.2022, 08:45 8976

Смайылов ҚР Президенті сайлауында дауыс берді

Смайылов ҚР Президенті сайлауында дауыс берді
Сурет: primeminister.kz
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Үкімет басшысы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.
 
Премьер-Министр республиканың барлық азаматтарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.
 

Осы күн мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, Мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатымызға дауыс беруіміз керек. Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім", - деді Әлихан Смайылов өз таңдауын жасағаннан кейін.

 
Естеріңізге сала кетейік, сайлауда дауыс беру сағат 20.00-ге дейін өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны