29.11.2022, 08:37 8431

Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен келді

Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен келді
Сурет: Depositphotos
Париж. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эммануэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.
 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
 
Еске салайық, кеше Қазақстан Президенті Орынборда өткен Ресей мен Қазақстанның Өңіраралық форумының пленарлық отырысына онлайн режимде қатысқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны