09.03.2022, 17:27 19336

Қазақстанда 5G желісі қашан іске қосылады

Қазақстан Республикасы мәжілісінің отырысы барысында цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 5G желісі қашан іске қосылатынын хабарлады.
Қазақстанда 5G желісі қашан іске қосылады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 9 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасы мәжілісінің отырысы барысында цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 5G желісі қашан іске қосылатынын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ЦДИАӨМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Оразбектің айтуынша, бүгінгі таңда 5G жүйесінің жобасы тестілеу режимінде.

Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында сыналып жатқан 5G жаңа буын технологиясын биыл осы қалаларда коммерциялық қолданысқа енгізу көзделіп отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны