26.01.2022, 16:37 16866

Қазақстанда ішкі ұшулардың маршруттық желісі толығымен қалпына келтірілді

Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр.
Қазақстанда ішкі ұшулардың маршруттық желісі толығымен қалпына келтірілді
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАҢТАР - Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, қазіргі уақытта елімізде 57 ішкі бағытта 605 ішкі тұрақты әуе рейсі орындалып жатыр.
 

Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады", - деп нақтылады комитетте.

 
Сонымен қатар, елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны