10.09.2021, 17:22 13843

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілік енгізу жоспарлануда

"Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" заңға баланы кемсітудің барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету, балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізу ұсынылады.
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚЫРКҮЙЕК - Бірінші оқылымда Мәжіліс депутаттары бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді талқылайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заңнамалық жаңалықтарды депутаттар балалардың мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірледі, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
 

Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" заңға баланы кемсітудің барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету, балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізу ұсынылады", - деп нақтылады палатада.

 
Сондай-ақ, заң жобасында ӘҚБтК-ге кәмелетке толмағандардың денсаулығына жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу бөлігінде өзгерістер көзделеді.
 
Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылмақ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны