17.06.2026, 15:08 8726

Қазақстанда ҰҚШҰ шеңберінде әскери құралымдарды тасымалдау жеделдетіледі

Мәжіліс тиысты құжатты қабылдады
Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы  шарты ұйымының шеңберінде келісімдерді ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру жөнінде түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен.

Мәжіліс 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ 2015 жылғы 15 қыркүйектегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа да құрылымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады", деп айтылған хабарламада.


Енгізілген түзетулер нақтылау сипатына ие және құжат ережелерін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына және ұйымның нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сондай-ақ, бірінші келісім шеңберінде құрылымдарды басқаруға, олардың өз мақсаттары бойынша міндеттерді шешуі үшін тасымалдау (транзит) мәселелерін жедел қарауға, сондай-ақ тараптардың аумағында ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрылымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға байланысты нормалар өзектендіріледі.

Екінші құжатпен әскери және басқа да құрылымдар өз мақсаттары бойынша міндеттерді орындау немесе бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу кезінде шұғыл шаралар қабылданған жағдайда, оларды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезіндегі жеделдік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін келісім нормалары өзектендіріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны