23.02.2023, 16:25 43611

Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары тарифтерді негізсіз көтеруде - БҚДА

Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары тарифтерді негізсіз көтеруде - БҚДА
Сурет: StockSnap.com
Ведомство ЦДИАӨМ-ға абоненттердің құқықтарын қорғауға бағытталған байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жіберді

Астана. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандық абоненттер ұялы байланыс операторлары тарапынан тарифтік жоспарлардың тұрақты және негізсіз өсуіне шағымданады, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Осыған байланысты ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) абоненттердің құқықтарын қорғауға бағытталған байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жіберді.

Бұған дейін БҚДА-ға тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемінің өзгеруі туралы тарифтік жоспарлардың құнын біржақты арттыру бойынша ұялы байланыс операторларының әрекеттеріне азаматтардан өтініштер келіп түскен болатын (Гб, дауыстық қоңыраулар минуттарының, sms-хабарламалардың . ұлғаюы және т.б). Материалдарды талдаудан кейін ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарда абоненттер талап етпесе де қызметтер көлеміне шамалы өзгерістер енгізетіні анықталды. Сонан соң бір мезгілде тарифтік жоспардың құны артады", - деп хабарлайды агенттік.


Ұялы байланыс операторларының бағаны көтере отырып, абоненттер талап етпеген қызмет көлемін таңу жағдайларын жою үшін БҚДА байланыс саласындағы уәкілетті органға белгілі бір ұсынымдар әзірледі.

Атап айтсақ, ұялы байланыс операторларына негізі бар шығындар аясында байланыс тарифі жоспарының құнын арттыру жайын қоспағанда, шарттарын өзгертуге тыйым салуы туралы ұсынысты жолдады.

Ұсынылған ұсынымдар байланыс қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Олар оператормен шарт жасасу кезінде келіскен тарифтік жоспарлардың шарттарын пайдалануға құқылы. Сондай-ақ, өзінің тарифтік жоспарының шарттарына қанағаттанбаған абонент шарттары қолайлы өзге тарифтік жоспарға ауысуға да құқығы бар", - деді ведомствода.


Қазіргі уақытта БҚДА-ның ұсыныстары ЦДИАӨМ қарастырылуда.

Бұған дейін ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин Үкімет отырысы барысында 2027 жылға дейін Қазақстанда ескірген 3G технологиясын неғұрлым заманауи технологиямен алмастырып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды ұялы байланыс пен интернетке қосамыз деп уәде берген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны