Система Orphus

Қазақстанда қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу басталды - Бас прокуратура

15.04.2022, 18:26 49286
Қазақстанда қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу басталды - Бас прокуратура
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - Қазақстанда 2020 жылдан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесі негізінде қылмыстық процестің үш буынды моделін кезең-кезеңімен енгізу басталды, деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Президенттің тапсырмасымен 2020 жылдан бері Қазақстанда ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің негізінде қылмыстық процеске кезең-кезеңмен үш буынды модель енгізу басталды. Оның негізгі мазмұны – полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді нақты бөлу. Бұл тәртіп бойынша полиция айғақтарды жинап, оларды бекітеді. Ал прокурор маңызды шешімдерді қабылдауға келісім беріп, істі сотқа жолдайды. Өз кезегінде сот бақылау жасайды, үкім шығарады және жаза белгілейді", - деді спикер.

 
Бүгін брифингте Бас прокурордың орынбасары журналистердің қаржы пирамидасы туралы сұрақтарына да жауап берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны