27.08.2021, 19:20 8924

Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов "Ashyq" жобасын енгізу туралы" 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, объектілерде "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылады:
 
1)        йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
 
2)        спа-орталықтары;
 
3)        моншалар, сауналар, бассейндер;
 
4)        PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 
 
5)        боулинг клубтары;
 
6)        кинотеатрлар;
 
7)        театрлар мен филармониялар;
 
8)        стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
 
9)        асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
 
10)        облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
 
11)        облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
 
12)        бильярд клубтары;
 
13)        концерт залдары;
 
14)        ерікті қатысушылар;
 
15)        караоке;
 
16)        көрмелер;
 
17)        океанариум;
 
18)        марафондар;
 
19)        көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
 
20)        әуежайлар;
 
21)        лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
 
22)        балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 
 
23)        цирктер;
 
24)        отельдер, қонақ үйлер;
 
25)        халыққа қызмет көрсету орталықтары;
 
26)        темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
 
27)        (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
 
28)        балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
 
29)        букмекерлік конторалар;
 
30)        сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
 
31)        барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап ерікті түрде тіркей отырып));
 
32)        спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
 
33)        білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін).
 
Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
 
- демалыс күндері - "Ashyq" жобасына қатысатын барлық объектілерінің жұмысына - сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшыларының жұмысына - сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар). "Жасыл мәртебе" болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
 
- сенбі күндері - қалаішілік қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.
 
Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 30 тамыздан бастап "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақыты (режимі) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.
 
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда Алматы қаласында осы тармақтың 13) және 14) тармақшаларында көзделген карантиндік шараларды жеңілдетуді енгізу тиісінше ағымдағы жылғы 4 және 6 қыркүйектен басталады.
 
 "Қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде:
 
- орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақшада көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, "Ashyq"-қа қатыспайтын, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
 
- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
 
- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтауды (вакцинацияланғандарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);
 
- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде демалыс күнгі шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін; 
 
- "қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде "Ashyq" жобасынан тыс: құрылыс жұмыстарын жүргізуге; өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне; байланыссыз қызметтерді көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т. б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне; туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.) қызметіне; қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне; әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, БАҚ, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметіне жол беріледі.
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 
 
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны