14.10.2021, 19:30 24139

Бүгін және ертең Тоқаевтың қатысуымен отырыстар өтеді

Президент ертең, 15 қазан күні онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАЗАН - 14 және 15 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен отырыстар өтеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді.
 

ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі", - деп жазды ол Facebook-те.

 
Президент ертең, 15 қазан күні онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл халықаралық жиын да Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де тікелей эфир арқылы көрсетіледі. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны