24.11.2021, 18:57 37634

Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАРАША - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Бозымбаевты Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны