19.01.2022, 17:39 49441

Еркін Ботақанов ішкі істер вице-министрі және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Еркін Ботақанов ішкі істер вице-министрі және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАҢТАР - Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Генерал-майор Ботақанов Еркін Советбекұлы 1966 жылы 1 қыркүйекте Шығыс – Қазақстан облысы Курчум ауданы Топтерек аулыныда дүниеге келген. 
 
1987 жылы Кеңес Одағының Маршалы И.С.Конев атындағы Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін тәмамдаған.
 
2003 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында тәлім алған. 
 
2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың шілдесіне дейін Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тындаушысы. (Мәскеу қаласы).
 
Училищені бітірген соң КСРО Қарулы Күштерінің 43093 әскери бөліміне взвод командирі лауамызына қызмет ету үшін жіберіледі.
 
1990 жылдың тамыздан 2006 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланда рота командирінен полк командирі лауазымына дейін қызмет атқарды.
 
2006 жылдың наурыздан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерде жауынгерлік даярлық басқармасының әскери қызмет және әскери қызмет қауіпсіздігі бөлімінің аға офицерінен 6637 әскери бөлімінің құрама командиріне дейін қызмет өткерді.
 
2009 жылдың шілдесінен 2010 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Комитеті төрағасының орынбасары – Ішкі әскерлер Қолбасшысының орынбасары. Астана қ.
 
2010 жылдың шіледсінен 2013 шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Комитеті төрағасының орынбасары – Ішкі әскерлер Қолбасшысының Бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы. Астана қ.
 
2014 жылдың шілдесіне 2020 тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының Қолбасшысы. Қарағанды қ.
 
2020 жылдың 7 тамыздан бастап – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы. Нұр-Сұлтан қ.
 
II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын, ордендерімен, КСРО, Қазақстан, Беларус, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларынан 21 медалімен марапатталған.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны