26.09.2022, 19:16 18371

ҰҚК ҚР мен РФ шекарасындағы жағдай туралы айтты

Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ.
АСТАНА. 26 ҚЫРКҮЙЕК - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда.
 
Ведомствода ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ екенін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны