Сурет: Depositphotos
Құжатқа сәйкес, "Жасыл даму" АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
"ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді", - делінген хабарламада.
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайтын болды.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Тоқаев кәдеге жарату алымымен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деп мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.