08.06.2022, 15:01 10426

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар 3 есеге қысқартылды

ККО мен жұмыс топтарының саны 73-тен 24-ке дейін, яғни 67%-ға қысқартылды.
Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар 3 есеге қысқартылды
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтары 3 есеге қысқартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл жұмыс "Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес жүргізілді. ККО мен жұмыс топтарының саны 73-тен 24-ке дейін, яғни 67%-ға қысқартылды", - деп нақтылады ҰЭМ-де.

 
Ведомствоаралық үйлестіру барысында және халықпен өзара іс-қимыл кезінде отырыстар өткізу үшін онлайн-платформаларға көшу жүзеге асырылды.
 
Бұл шаралар мемлекеттік аппараттағы бюрократия мен әуре-сарсаңға салуды одан әрі болдырмау мақсатында Министрлікте шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҰЭМ

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны