06.10.2022, 13:44 10791

Қошанов Тоқаевтың Президенттікке кандидатурасын ұсынды

Қошанов Тоқаевтың Президенттікке кандидатурасын ұсынды
АСТАНА. 6 ҚАЗАН - XXIV AMANAT съезі барысында партия төрағасы Ерлан Қошанов ел президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "AMANAT" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!", – деді Ерлан Қошанов.

 
Сондай-ақ, съезд барысында партияның саяси тұғырнамасын бекіту жоспарлануда.
 
Астанада AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтуде. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев қоғамдық-саяси күштердің кең коалициясынан президенттікке үміткер.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны