16.03.2026, 07:22 27386
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазмедиа орталығының" студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Бүгін - Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл - өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл - азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды - Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл - біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты. Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.
- Азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің, патриотизмнің, Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Азаматтарымыздың басым бөлігі Өркендеу, Әділет, Заң мен Тәртіп, Табиғатты аялау және Тазалық жолын таңдады. Бұл - өте жақсы жол. Жаңа Халық Конституциясы елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды. Бұған ешқандай күмән жоқ. Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мұндай жағдай көптен бері болмап еді. Учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын анық білдірген баршаға алғыс айтамын. Осы арқылы күллі әлемге қазақ қоғамының саяси мәдениеті жоғары екенін паш еттік. "Бірлік бар жерде тірлік бар". Бірлік бар жерде өркендеу бар. Елдің қуаты - бірлікте. Бізге татулық пен достық, сабырлық пен табандылық, жасампаздық пен ұқыптылық, еңбекқорлық пен сенімділік ауадай қажет. Сонда ғана озық, дамыған, бәсекеге қабілетті ел боламыз, - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.06.2026, 12:05 86
Елімізде тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдейтін ірі кәсіпорын салыну жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. "Kaz Eggs" серіктестігі бастамасымен жүзеге асырлатын болашақ өндірістік кешеннің қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа деп есептелуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында орналасады. Жалпы инвестиция көлемі 30 млрд теңге.
Келер жылдың IV тоқсанына жоспарланған жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Бұл отандық өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам және қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыруға жол ашады.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі басым бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бағытын тұрақты дамыту.
Осы ретте министрлік заманауи өндірістерді құруға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған инвестициялық жобаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 11:57 146
Президент армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жыл басынан бері атқарған қызметінің қорытындысы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жөніндегі баяндаманы тыңдады.
Мемлекет басшысына Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімет берілді.
Президентке әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған "Батыл тойтарыс - 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысы баяндалды.
Министр Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясының сәтті аяқталғанын және үшінші контингенттің ротациясы басталғанын, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға берілгенін жеткізді.
Әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде есеп берілді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда "Айбын - 2026" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 11:45 281
Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновация департаментінің директоры болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Марат Иманалиев Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновация департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Марат Иманалиев 1974 жылғы 16 мамырда дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Химия" мамандығы бойынша, ал М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін "Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің химия факультетінде зертханашы болып бастаған.
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне қарасты "Қазагромелиоводхоз" республикалық әдістемелік орталығында алдымен бірінші санатты, кейін жоғары санатты маман қызметін атқарды.
2006-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитетінде жұмыс істеп, бас сарапшы лауазымына дейін көтерілді.
2018-2023 жылдары Су ресурстары комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы болды.
2023-2024 жылдары Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінде Топтық су құбырларын дамыту басқармасын басқарды.
2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Марат Иманалиев 2017 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2020 жылы "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. Ал 2022 жылы "Су шаруашылығының үздігі" төсбелгісіне ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 11:37 506
Алматыға роботакси жеткізілді
Сурет: ҚР КМ
Достарға айту
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметовке Yandex Qazaqstan компаниясының роботаксиі таныстырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интеллектуалды көлік жүйелерін дамытуға және елімізде пилотсыз технологияларды енгізу перспективаларын зерделеуге бағытталған қызметі аясында өткізілді.
Yandex Qazaqstan роботаксиі пилоттық режимнен және шектеулі тестілеуден бастап кезең - кезеңімен іске қосылатын болады. Бұл формат қаладағы нақты жағдайларды ескере отырып технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Сервисте диспетчерлермен тәулік бойы байланыс және сапарларды сақтандыру жоспарлануда. Пилотсыз көлікті басқару жүйесі автономды жүргізудің дәлелденген тәсілдеріне негізделеді, соның ішінде ЖИ, жол жағдайын үнемі бақылау және ойластырылған қауіпсіз әрекет ету сценарийлері. Тәжірибе жинақталып, тұрақтылық расталған жағдайда, қызмет ауқымы кеңейетін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі роботаксилерді пайдалану үшін нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Роботаксилерді пайдаланудың негізгі ұғымдарын енгізуді, оларды пайдалану тәртібін айқындауды, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бөлуді және қажетті құқықтық инфрақұрылымды құруды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, пилотсыз технологиялар қазірдің өзінде бірқатар елдерде сәтті енгізіліп жатыр. Қазақстан үшін оларды жүзеге асыру экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Пилоттық жобаларды іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымы дамыған және интеллектуалды көлік жүйелерінің қажетті элементтері бар Алматы мен Астана қалалары ең перспективалы алаңдар ретінде қарастырылуда.
Роботаксиді енгізу барлық қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, заманауи көлік технологияларын енгізу бағытында жұмыстарды жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 19:37 11786
Гонконгте "Алматы қаласының туризм күндері" өтті
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Гонконгте "Алматы қаласының туризм күндері" өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг АӘА-дағы Бас консулдығы, Алматы қаласы Туризм басқармасы және қазақстандық турагенттіктер Гонконгта өткен "International Travel Expo" (ITE) халықаралық туризм көрмесіне қатысты.
Көрмеге 500-ден астам шетелдік туристік ведомстволары мен компаниялары қатысып, 30-дан астам елдің павильондары орнатылды.
Іс-шара барысында отандық туристік компаниялар Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырып, қытайлық және гонконгтық серіктестермен байланыс орнатты, сонымен қатар Қазақстан Республикасына туристік ағынның өсімін нығайту бойынша ынтымақтастықты белсендіру туралы келіссөздер жүргізді.
2026 жылдың 11 маусымында аталған көрме аясында Гонконгта "Алматы Туризм күндері" атты роуд - шоу өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында Бас консулдық өкілдері және Алматы қаласы Туризм басқармасының Туризмді насихаттау бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбихан сөз сөйледі. Іс-шараға Гонконгтың мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, мәдениет және өнер қайраткерлері, жергілікті туристік компаниялардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Роуд - шоу барысында қазақстандық туристік компаниялардың өкілдері (Sky Way, Turan Asia, Vision Travel және т.б.) гонконгтық туроператорларымен B2B кездесулер өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Тараптар Гонконгтан Қазақстанға туристерді жіберу жұмыстарын белсендіру туралы келісті.
Кеш барысында қонақтарға ұлттық тағамдар, билер мен ұлттық аспаптар сүйемелдеген әндер орындалып, естелік сыйлықтар таратылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 17:22 13551
Қазақстандықтарға АҚШ визасын беруден бас тарту себептерін түсіндірілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстандықтардың АҚШ визасын алуға қатысты туындаған сұрақтарына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев түсініктеме берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Оның мәлімдеуінше, виза беруден бас тартудың негізгі себептерінің бірі - құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі.
Азамат немесе өтініш беруші белгілі бір құжаттар тізімі бойынша өтініш тапсырады. Егер құжаттар талаптарға сай болса және азамат тарапынан қандай да бір заң бұзушылықтар болмаса, мемлекет виза беру туралы шешім қабылдайды. Ал, құжаттарда кемшіліктер болса, әдетте азаматқа қосымша сұрақтар қойылып, қосымша құжаттар сұралады. Менің білуімше, қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда визалардың басым бөлігі мақұлданады", - деді Ерлан Жетібаев.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев әлеуметтік желілерде тараған Ресей азаматтарының Қазақстан арқылы өтініш беріп, АҚШ визасын қазақстандықтарға қарағанда жиірек алатыны туралы ақпаратқа қатысты да түсініктеме берді.
Бізде мұндай ақпарат жоқ. Менің білуімше, АҚШ елшілігі бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме немесе статистика жариялаған жоқ", - деді ресми өкіл.
Ерлан Жетібаевтың айтуынша, әрбір виза өтініші қолданыстағы рәсімдерге сәйкес жеке тәртіппен қаралады және шешім қабылдау кезінде өзге факторлар ескерілмейді.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев қазақстандықтардың АҚШ визасына берген өтініштерінің шамамен 45-46 пайызының мақұлданбайтындығын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 17:05 13936
Алтын Орда мұрасы бойынша халықаралық симпозиумның қорытындылары ЮНЕСКО-да таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астанада өткен Алтын Орда тарихына арналған симпозиумның қорытындылары Өркениеттер арасындағы халықаралық диалог күніне орай ЮНЕСКО бас кеңсесінде ұйымдастырылған "Жібек жолының мұрасы, саяхат пен дәстүр: мәдениетаралық диалог бағында" атты халықаралық конференция барысында көтерілген тақырыптардың арасында болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ЮНЕСКО басшылығы, Жібек жолының құрлық бойы және теңіз бағыттары бойында орналасқан мемлекеттердің елшілері, тарих пен мәдени мұра саласындағы беделді ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов өз сөзінде еліміздің Жібек жолының дамуына қосқан үлесін және оның экономикалық және мәдениетаралық алмасулардың да маңызды құралы ретіндегі рөлін атап өтті.
Осы тұрғыда Елші конференция қатысушыларын 2026 жылғы 19-20 мамырда Астанада өткен "Алтын Орда - дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік" атты халықаралық симпозиумның қорытындыларымен таныстырды.
Оның айтуынша, Қазақстан астанасында өткен іс-шараға Азия, Еуропа, Америка және Таяу Шығыстың 20-дан астам елінен 300-ден астам делегаттың қатысуы Алтын Орда мен Ұлы Дала тарихын зерттеуге маманданған түрлі ғылыми мектептердің қызығушылығын көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мұрасын жүйелі түрде зерттеудің жоғары халықаралық маңызын әрі осы тақырыптар кешені бойынша ғылыми ізденістерді одан әрі тереңдетудің өзектілігін айқын дәлелдеді.
Елші атап өткендей, Жібек жолының солтүстік тармағын бақылап, Ұлы Даладағы сауда бағыттарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Алтын Орда дәуірінде оның аумағы арқылы Қытай жібегі, Үндістан дәмдеуіштері, Ресей аң терілері, Орталық Азия жылқылары, Еуропа, Таяу және Орта Шығыс елдерінің қолөнер бұйымдары сияқты көптеген тауарлар тұрақты түрде тасымалданып отырған.
Оның айтуынша, Жошы Ұлысының экономикалық қуаты оның билеушілері атынан соғылған сансыз көп теңгелерінен де көрініс тапқан. Ал Еуразияның түрлі өңірлерінен табылып жатқан осы теңгелер бүгінгі күні Жібек жолының осы бөлігіндегі сауда және басқа да алмасулар тарихын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.
ЮНЕСКО қамқоршылығымен өткен Алтын Орда мұрасы жөніндегі ауқымды симпозиум халықаралық ғылыми қауымдастықтың Еуразия мен Ұлы Даланың өзара сабақтас тарихын неғұрлым кең әрі жаңашыл тұрғыдан терең сараптауға жоғары қызығушылық танытып отырғанын айқын көрсетті", - деп атап өтті дипломат.
Өз кезегінде, Астанадағы симпозиумға ЮНЕСКО делегациясын бастап келген ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомо іс-шараның жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өткенін атап өтті. Ол мұндай бастамалардың Еуразия халықтарының адамзаттың ортақ мәдени мұрасына қосқан үлесін жан-жақты зерттеу үшін ерекше маңызға ие екенін айтып, Қазақстанға ЮНЕСКО-ның Жібек жолы бағдарламасын ұзақ мерзімді қолдап келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.
Бағдарлама соңында конференция қатысушылары Жібек жолы елдерінің, соның ішінде Қазақстанның аспаздық мұрасын танытатын ұлттық тағамдардан дәм татты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 15:19 15476
Үкіметте цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады
Достарға айту
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы цифрландыру, жасанды интеллект, GovTech және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Жиында Қазақстандағы "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасын жүзеге асыру мәселесіне назар аударылды.
Жалпыұлттық референдумда қабылданған ҚР жаңа Конституциясы технологиялық инновациялар мен жеделдетілген цифрлық трансформация арқылы экономиканы нығайтуға мүмкіндік ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатты айқындады. Бұл жыл Цифрландыру жылы деп жарияланып, экономиканың барлық саласына ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуге басымдық беріліп отыр. 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Қазақстанның цифрлық трансформация бағдарламасын ілгерілетуге Дүниежүзілік банктің қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Біз жоспарлаған барлық бастаманың уақтылы жүзеге асырылуына үлкен мән береміз", - деді Олжас Бектенов.
Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанда цифрландыру деңгейі жоғары екенін атап өтті. Маңызды жобалардың қатарында Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, Каспий арқылы суасты талшықты-оптикалық кабелін салу, ауылдық жерлерде байланысты қамтамасыз ету және цифрлық мемлекеттік сервистер, жасанды интеллект және технопарктер саласындағы бастамалар бар. Дүниежүзілік банк осы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын.
Кездесу қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанды Дүниежүзілік банктің цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі жаһандық стратегиясының негізгі серіктес әрі қатысушы ел болуға шақырды. Бағдарлама цифрлық экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Типтік келісім бағыттары цифрлық байланыс пен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық мемлекеттік платформалар мен сәйкестендіру жүйелерін жетілдіру, деректерді реттеу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамыту және жасанды интеллект экожүйесін ілгерілетуді қамтиды. Елдерге арналған цифрлық келісімдер әр мемлекеттің ұлттық басымдықтарына сәйкес бейімделеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының ұлттық күн тәртібі Дүниежүзілік банктің қолдауымен нақты инвестициялық жобалармен және реформалармен үйлестірілетін болады.
Премьер-министр Олжас Бектенов вице-президент Сангбу Кимге және Дүниежүзілік банк командасына Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, Үкіметтің Дүниежүзілік Банктің бағдарламасына қатысуға дайындығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.06.2026, 10:11Қылмыстарды ашуда ДНҚ зерделеу өз нәтижелерін беруде 16.06.2026, 09:44 796ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 10:39 386"Азық-түлік көкнәрі" деген желеумен есірткі сатқандар сотталды16.06.2026, 11:31 512026 жылы Қазақстан экономикасы 4,6%-ға өседі деп болжануда
12.06.2026, 20:00 132001Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 131646Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 130806Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 128851Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128651Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251486Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237106Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207576ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194646Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194621Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

