19.04.2023, 10:41 56466

Президент Қазақстан қалаларының жағдайына наразылығын білдірді

Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайды
Президент Қазақстан қалаларының жағдайына наразылығын білдірді
Астана. 19 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қалаларының нашар жағдайы туралы айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс.

Біздің қалаларымыз нашар көрінетіндігін, балалар алаңдарымен жабдықталмағанын мойындауымыз керек. Шетелде болып тұрамыз. Әсіресе Шығыс Еуропада, Балқанда қалаларының бюджеті біршама аз болғанына қарамастан тартымды көрінетін шаһарлары бар. Бұл жұмыс муницииалды биліктің жұмысы да шығар. Дегенмен, екінші жағынан бұл сол жерде тұратын адамдардың да қарым-қатынасы. Ол бізде жоқ. Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайтындығы сынды проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне қалалық орталығы ғана емес шеткі аймақтары да сай болуы тиістігін бірнеше рет айттым", - деді Президент.


Осы ретте Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің, мәслихат өкілдерінің назарын аталған мәселеге аударды.

Таяуда Семейдегі балалар алаңы туралы сюджет көрсетті. Оны пайдаланудың өзі қауіпті. Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл елордаға да қатысты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны