27.06.2021, 22:01 10954

Президент заңнамаға инклюзивті білім беру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Заңның қабылдануымен ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламаларды бейімдеуі тиіс.

НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның қабылдануымен ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламаларды бейімдеуі тиіс екенін еске саламыз. Заңмен балабақшалар мен мектептерге мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдау тәртібі нақтыланады.

Бұдан басқа, ҚР-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны