11.03.2022, 16:58 39956

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

2019 жылдан бастап қазірге дейін Данияр Қадыров ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 
 
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған. 
 
2000-2004 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған. 
 
2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. 
 
2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары. 
 
2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 
 
2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 
 
2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 
 
2015-2019 жылдары — "ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры. 
 
2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны