25.05.2022, 16:11 12706

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды

Әділет Тойбаев ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 
 
Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.
 
2008-2009 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры.
 
2011-2017 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры.
 
2017-2018 жылдары — Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.
 
2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны