17.02.2026, 13:31 22591

ҚР ІІМ: жасөспірімдер қылмысы 30% төмендеді

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2026-2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді, акциялар, тұрғылықты жері бойынша бару, мектептерде дәрістер, "Түнгі қаладағы балалар", "Жасөспірім" және т. б. жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

Әрбір мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Бұл бұзушылықтарды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Құқықтық түсіндіру сабақтары ұйымдастырылып, "Ерлік сабағы" және жеке қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізіледі. Осы шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысы 30%, ал олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар 2,1%-ға төмендеді", - деді спикер.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны