15.03.2026, 16:14 1391

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы
Сурет: election.gov.kz
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы сіздердің назарларыңызға республикалық референдумға азаматтардың келуі туралы кезекті ақпаратты ұсынады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

  • Абай облысы 69,29 %
  • Ақмола облысы 71,33%
  • Ақтөбе облысы 77,65 %
  • Алматы облысы 68, 23 %
  • Атырау облысы 64,33 %
  • Батыс Қазақстан облысы 60,61 %
  • Жамбыл облысы 70,31 %
  • Жетісу облысы 68,50 %
  • Қарағанды облысы 72,63 %
  • Қостанай облысы 70,96 %
  • Қызылорда облысы 82,02 %
  • Маңғыстау облысы 68,19 %
  • Павлодар облысы 68,41 %
  • Солтүстік Қазақстан облысы 60,70 %
  • Түркістан облысы 72,39 %
  • Ұлытау облысы 66,50 %
  • Шығыс Қазақстан облысы 78,98 %
  • Астана қаласы 47,76 %
  • Алматы қаласы 28,16 %
  • Шымкент қаласы 72,61 %

Жалпы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 пайызын құрады.

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны