28.06.2022, 15:47 13966

Смайылов: мемлекеттік органдардың өкілдері ресми хабарламалар берудің жаңа форматына көшуі керек

Әзірленіп жатқан "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұранысын және медиа саланың даму үрдістерін ескеруі тиіс.
Смайылов: мемлекеттік органдардың өкілдері ресми хабарламалар берудің жаңа форматына көшуі керек
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ағымдағы жылдың соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын Парламенттің қарауына енгізуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет пен халық арасындағы тиімді байланыс құралы болуы үшін баспасөзге оңтайлы жағдай жасау – маңызды мәселе", - деді Әлихан Смайылов сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында.

 
Премьер-Министрдің айтуынша, әзірленіп жатқан "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұранысын және медиа саланың даму үрдістерін ескеруі тиіс.
 

Заң жобасындағы жаңалықтарды үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты, сарапшылар мен журналистерді қатыстыра отырып, кеңінен талқылауға шығару қажет", — деп Ә.Смайылов құжатты осы жылдың соңына дейін Парламент қарауына енгізуді тапсырды.

 
Әлихан Смайылов орталық және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволардың салалық қызметіне маманданған спикерлердің сапалы пулын құруды тапсырды. Олар мемлекеттік органдардың қызметі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс.
 

Мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшуі керек. Кәсіби "құрғақ" тілде жазылған пресс-релиздерді таратумен ғана шектеліп қалуға болмайды", - деді Үкімет басшысы.

 
Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат беру бөлігінде мемлекеттік органдарды сынайтын бірқатар себептерді атады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны