21.12.2021, 19:12 73061

Тоқаев: 30 жыл ішінде ТМД беделді өңірлік ұйымға айналды

Тоқаев: 30 жыл ішінде ТМД беделді өңірлік ұйымға айналды
НҰР-СҰЛТАН. 21 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан 30 жыл бұрын осы күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын еске салды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

21.12.1991 ж. Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 
Президенттің айтуынша, 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды.
 

Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады", - деп қосты Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ТоқаевТМД

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны