08.02.2023, 15:40 31811

Тоқаевқа отандық бизнесті қолдау және оның мүдделерін қорғау жоспарлары туралы баяндалды

Сондай-ақ Президентке оның тапсырмаларын орындау бойынша мәліметтер ұсынылды
Тоқаевқа отандық бизнесті қолдау және оның мүдделерін қорғау жоспарлары туралы баяндалды
Сурет: akorda.kz
Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады және оған атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Рустам Жүрсінов Президентке 2022 жылы 4408 өтініш келіп түскенін, оның 1530-ы (34%) оң шешімін тапқанын және 1030 (23%) өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ былтыр бизнес-омбудсмен еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерлермен кездесу өткізген.
 
Уәкіл өткен жылы рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілгенін жеткізді.
 
Сонымен қатар Президентке кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің есебін қабылдап, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
 
Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мақсатында жүргізілген реттеу актілері бойынша талдамалық жұмыстың қорытындыларын айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны