04.04.2023, 11:24 15546

Тоқаев бірқатар министрлерді қайта тағайындады

МСМ, ҰЭМ, ЕХӘҚМ және Әділет министрлігінің басшылары өз лауазымдарында қалды
Тоқаев бірқатар министрлерді қайта тағайындады
Сурет: akorda.kz
Астана. 4 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі мен ұлттық экономика министрін қайта тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 11.38 толықтырылды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 12.02 толықтырылды 

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 12.43 толықтырылды 

Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 13.03 толықтырылды

Өз қызметін Бағдат Мусин де сақтап қалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 13.14 толықтырылды

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 13.25 толықтырылды

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 14.21 толықтырылды

Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 14.23 толықтырылды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 15.04 толықтырылды

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.

04.04.2023, 15.20 толықтырылды

Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда СІМ басшысы өзгерді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны