14.10.2021, 20:39 37441

Тоқаев ЕАЭО аясында КВИ-мен күресте күш-жігерді біріктіруді және бірлескен фармацевтикалық жобаларды әзірлеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАЗАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы барысында ғылым мен фармацевтика саласында бірлескен жобалар әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы пандемияға қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгеніне қарамастан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі ахуал бұрынғыша күрделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы, халықтың толық вакцина алмауы сияқты түйткілді жағдайлар әлі де бар.
 
Ол Қазақстан Ресей Федерациясы сияқты өз вакцинасын – QazVac екпесін әзірлегенін еске салды. Вакцина Қазақстанда жаппай салынуда. Қазір оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу үдерісі жүріп жатыр. 
 

Қарағанды қаласында ресейлік Спутник-V вакцинасын өндіру жөніндегі жобаны пандемия кезеңіндегі интеграциялық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі деп санаймын. Біз пандемияны сәтті еңсеру үшін күш-жігерімізді одан әрі біріктіре түсіп, ғылым мен фармацевтика салаларындағы бірлескен жобаларды әзірлегеніміз жөн. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, санитарлық-эпидемиологиялық режим орнату жөніндегі іс-қимылдарымызды үйлестіруіміз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны