18.06.2026, 13:43 1631
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен. Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина мамандары еліміздің басты байлығы - азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін",- деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылған Конституцияда денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтіп, алғаш рет ұлт денсаулығы осындай жоғары деңгейде басымдылықпен бекітілді. Бұл азаматтардың өмірі мен әл-ауқатын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Салтанатты рәсім барысында Президент медицина қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы мен қоғамдық маңызы бар шараларға ат салысқаны үшін алғыс білдіріп, елдің дамуы мен қоғам бірлігін нығайтуға қосқан үлестерін жоғары бағалады.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 14:16 2076
Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіледі
Достарға айту
Мемлекет басшысы Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр", - деп мәлім етті президент.
Сондай-ақ, елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бой көтеріліп жатқанын атап өтті.
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді", -деді мемлекет басшысы.
Ол Үкіметтің бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет екендігін баса айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 11:31 6701
Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында шілде айында елде бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Биыл 19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауымен осы жылдың 1 мамырында экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын дамытуға құқықтық негіз қаланды. Заманауи, ашық әрі институционалдық орта қалыптастырылды», – деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, Ұлттық банктің реттеушілік орталығы базасында цифрлық қаржы активтері саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылған.
Бұған дейін Қазақстанда бірыңғай QR-кодты енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 19:46 24966
Тоқаев Қазақстанда БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы Заңға қол қойды
Достарға айту
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 18:24 26816
Ішкі істер министрі мемлекет басшысына елдегі криминогендік ахуалды баяндады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегені айтылды. Негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады.
Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Ведомство жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды.
Министр Мемлекет басшысына киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді. Қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін "Заң мен тәртіп" қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 18:20 27086
Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Достарға айту
Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызмеінен.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілгенін және кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтады.
Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті.
Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді.
Көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 17:36 27706
Табысы 3,4 трлн теңге болатын активтер бәсекелестік ортаға берілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдап, оның "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықты іске асыруға арналған есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне.
Президентке аталған Жарлықты орындау аясында квазимемлекеттік секторды қысқарту және бәсекелестікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатқаны туралы баяндалды. Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің тікелей қатысуымен 2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілді. Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңгені құрайды.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелеріне айрықша назар аударылды. Қабылданған шаралар бір көзден сатып алу үлесін 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жалпы бюджет аясындағы бәсекелі сатып алу үлесі 6,2 - 8,1 триллион теңгеге дейін ұлғайды.
Мемлекет басшысына бизнес субъектілерінің тауар нарықтарына кіруіне тосқауыл қоятын кедергілерді жою жұмыстары, маңызды нарықтардағы өнімсіз делдалдардан арылу бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу жөніндегі бастамалар туралы баяндалды.
Марат Омаров бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакеті бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталды. Заң жобасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға, монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге, монополияға қарсы реттеуді жетілдіруге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін одан әрі қысқартуға бағытталған жеті жүйелі бағыт көзделген.
Кездесу соңында Президент Агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 17:24 28006
Қосшыда NVIDIA В300 негізіндегі суперкомпьютерлік кластер іске қосылмақ
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Мемлекет басшысына Қордың биылғы бес айдағы жұмыс қорытындылары және орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қор басқаруындағы активтер 88 миллиард долларды құраған.
Ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Биыл 3,3 триллион теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Мойынты - Қызылжар, Дарбаза - Мақтаарал жаңа теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық желі төсеу жобалары қолға алынған.
Бұл бастамалар еліміздегі көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Президентке Қор жобалары ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік аясында жылына шамамен 1 миллион қазақстандыққа қолдау көрсететіні жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, "Таза Қазақстан" жалпыхалықтық экологиялық акциясы шеңберінде ел аумағы бойынша 5 миллион көшет егу көзделген. Бұл ретте 2024-2025 жылдары 5,8 миллион ағаш отырғызылған. Жалпы, 2023-2026 жылдар аралығында 856 миллиард теңгеге 100-ден аса әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.
Нұрлан Жақыпов биыл қазан айында Қосшы қаласында NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютерді іске қосу жоспарланғанын айтты. Жаңа кластер жұмыс істей бастаған соң "Қазақтелеком" портфелдік компаниясындағы суперкомпьютер қуаты төрт есе артады. Бұл еліміздің жасанды интеллект, деректерді өңдеу және өнімі жоғары есептеуіш саласындағы мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қордың негізгі жұмыс бағыттары, соның ішінде басты инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 15:08 29521
Қазақстанда ҰҚШҰ шеңберінде әскери құралымдарды тасымалдау жеделдетіледі
Мәжіліс тиысты құжатты қабылдады
Достарға айту
Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының шеңберінде келісімдерді ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру жөнінде түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен.
Мәжіліс 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ 2015 жылғы 15 қыркүйектегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа да құрылымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады", деп айтылған хабарламада.
Енгізілген түзетулер нақтылау сипатына ие және құжат ережелерін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына және ұйымның нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сондай-ақ, бірінші келісім шеңберінде құрылымдарды басқаруға, олардың өз мақсаттары бойынша міндеттерді шешуі үшін тасымалдау (транзит) мәселелерін жедел қарауға, сондай-ақ тараптардың аумағында ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрылымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға байланысты нормалар өзектендіріледі.
Екінші құжатпен әскери және басқа да құрылымдар өз мақсаттары бойынша міндеттерді орындау немесе бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу кезінде шұғыл шаралар қабылданған жағдайда, оларды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезіндегі жеделдік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін келісім нормалары өзектендіріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.06.2026, 11:31Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады 18.06.2026, 09:58 6171Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады18.06.2026, 10:34 5111Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады18.06.2026, 12:08 3346Астанада Азияның өңірлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды18.06.2026, 11:12 2281Алматы облысында ондаған адам сушиден уланып қалды
12.06.2026, 20:00 132541Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132081Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131351Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129361Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128981Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251686Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237391Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207821ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194896Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194881Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

