10.10.2022, 17:40 11536

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады

Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.
Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.
 
Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.
 
Сонымен қатар, Астанада ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесті, деп хабарлайды ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
 
Кездесулер барысында қараша айында Арменияда жоспарланған ұйымның жарғылық органдарының алдағы отырыстарына дайындық мәселелері басты назарда болды.
 
Тараптар Орталық Азия аймағындағы жағдайға баса назар аудара отырып, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы жағдайды талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны