29.06.2022, 17:34 33591
Тоқаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді
Достарға айту
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.10.2023, 17:57 13891
Қазақстан Дүниежүзілік жол қауымдастығының құрамына кірді
Қауымдастық құрамына кіру заманауи техникалық әзірлемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді
Достарға айту
Қазақстан Дүниежүзілік жол қауымдастығының құрамына кірді, деп хабарлайды Gov.kz.
PIARC пен Қазақстан Республикасының ұлттық комитеті арасындағы келісімге қол қою Прагадағы XXVII Дүниежүзілік жол Конгресінің өзекті әрі маңызды оқиғаға айналды.
Қол қою рәсімі барысында көлік министрі Марат Қарабаев PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының өкілдеріне автомобиль жолдарын дамыту және олардың құрылысы, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Аталған құжатқа PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының президенті Назир Алли және PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының Қазақстандағы ұлттық комитетінің төрағасы Берік Камалиев қол қойды. Бұл келісім еліміздің автожол саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосады деп жоспарланып отыр.
Айта кетерлігі, жол қауымдастығы сарапшылардың өзара іс-қимылы мен автомобиль жолдары және жол инфрақұрылымы саласында тәжірибе алмасуға арналған бірегей халықаралық алаң. Қауымдастық құрамына кіру заманауи техникалық әзірлемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік жол қауымдастығы ұйымдастырған жаһандық іс-шара 2-6 қазан аралығында Чехия астанасы Прагада өтіп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2023, 17:47 14431
Мемлекет басшысы CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Кездесу барысында Қазақстан мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу - Бозой - Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының ҚХР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелер қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2023, 17:39 14791
Мас күйінде көлік жүргізетін және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге ең қатаң шара қолдану керек
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев биыл жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштерінің төмендегенін айтты: жол-көлік оқиғалары - 13%-ға (8 253-тен 9 429-ға), зардап шеккендер саны - 16%-ға (12 394-тен 10 448-ге дейін), қаза тапқандар - 1%-ға (1478-ден 1468-ге дейін). Дегенмен, жалпы оң динамикаға қарамастан, Алматы қаласы, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында апаттар деңгейі әлі де жоғары.
Сонымен қатар биыл 5,5 млн-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзуға тосқауыл қойылғаны, 15 мыңға жуық мас күйдегі жүргізуші ұсталғаны, 9 мың адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны, 15 мың адамның әкімшілік қамауға алынғаны, 215 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынғаны аталып өтті.
Марат Қожаев ІІМ-нің емтихандарды қабылдау ережесіне өзгерістер енгізгенін атап өтті: енді емтихан тапсыру процесі онлайн-трансляция арқылы бақыланады, "Автомектеп" ақпараттық жүйесінде білім алушыларды міндетті тіркеу нормасы енгізілді. Нәтижесінде тізімдерді түзету мүмкіндігі алынып тасталады.
Қазіргі уақытта түзетулердің екінші пакеті әзірленді. Дайындық курстарын аяқтау туралы куәліктерді және медициналық анықтамаларды электрондық нысанға көшіру жоспарлануда. Сонымен қатар жүргізушілердің өз бетінше дайындалуын алып тастау мәселесі пысықталуда.
Бұдан бөлек, әкімдіктердің қолдауымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдердің белсенді түрде енгізіліп жатқаны айтылды. Қазір жолдарда жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін 22 мың камера орнатылған. Олардың көмегімен барлық бұзушылықтардың 50%-ы тіркеледі. Астана мен Шымкентте бұл көрсеткіш 70%-ға дейін өсті. Мұндай жүйелерді өңірлерде енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар "Қорғау" бағдарламасы арқылы тұрақты түрде тәртіп бұзатындарға шара қолданылуда. Ол жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол ережесін бұзып, айыппұл төлеуден жалтарған көлік жүргізушілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев баяндама жасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2023, 17:32 14976
Қазақстан мен Того Республикасының президенттері халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтіп, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтты.
Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады.
Әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2023, 17:25 15286
Президент "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамына барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мекеме қызметімен танысу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы ұлттық әрекет ету қызметінің және Зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды.
Президентке биыл 9 ай ішінде мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілгені жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған қызметті жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2023, 11:23 19861
Қазақстанда жыл соңына дейін Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндағандай, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес сала еліміздің жалпы ішкі өнімінің 13,4%-ын құрап, сауда және тау-кен өнеркәсібінен кейінгі экономикаға қосқан үлесі бойынша үшінші көрсеткішке қол жеткізді. Өндіріс көлемі бойынша салада оң динамикасы байқалады. Өткен жылы өндірілген өнімнің көлемі 21,1 трлн теңгені құрап, нәтижесінде бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есеге артты.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 8 ай ішінде 14 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға өсті. Салалар бойынша автокөлік құралдарын (+42,2%), машиналар мен жабдықтарды (+22,5%), сондай-ақ электр жабдықтарын (+34,3%) шығару есебінен машина жасау 28,1% деңгейінде тұрақты өсім көрсетті. Жеңіл өнеркәсібінде тоқыма бұйымдары өндірісінің (+35,9%) өсуі есебінен өсім 19,8%-ды құрады. Химия өнеркәсібінде өсім аммофос өндірісінің (+44,8% ) өсуі есебінен 3,1%-ды құрады
Министр бұл салада 613 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ететін 20 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау шеңберінде өңдеуді тереңдету және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету, базалық инфрақұрылымды қалыптастыру, ірі және стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ нарықты жеңілдікті қаржыландырудың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов өңдеу өнеркәсібін дамыту шаралары туралы баяндама жасады.
Премьер-Министр биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 70%-ға, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында өндіріс көлемінің 18%-ға төмендегенін атап өтті. Өңір әкімдері Марат Ахметжанов, Асхат Шахаров және Берік Әбдіғалиұлы мәселеге қатысты түсініктеме берді.
Баяндамашыларды тыңдаған Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Жолдауында еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыруды ең басты міндет ретінде айқынғанын еске салды. Бұл ретте кез келген мемлекеттің экономикасында өңдеу өнеркәсібі ерекше орын алады.
Индустрияландыру картасы аясында биыл тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасауда, металлургияда және басқа салаларда 170 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл шамамен 12,5 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Ол Президент тапсырмасына сәйкес бірқатар басым бағыттарда жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлерді құру бойынша ірі жобалардың тізбесі дайындалып жатқанын айтты. Атап айтқанда, мұнай, газ және көмір химиясында, металды терең өңдеу, уран өнеркәсібі, машина жасау, автокомпоненттер, тыңайтқыштар өндірісі және басқа салаларда осындай кластерлер құру көзделіп отыр.
Мұнда ішкі ресурстарды барынша пайдалануға және оффтейк-келісімшарттардың әлеуетін іске қосуға басымдық берілетін болады", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр мәлім еткендей, бутадиен және полиэтилен өндіру жобалары іске асыру сатысында тұр. Сонымен қатар Халықаралық мұнай-газ машинасын жасауды дамыту орталығы әлемдік компаниялардың өндірістерін локализациялау және технологиялар трансферті бойынша тиімді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, газ детекторларын, насостарды және қысым датчиктерін шығару бойынша 4 бірқатар жаңа жоба пайдалануға берілді.
Оның айтуынша, қорғаныс-өнеркәсіп кешені бойынша да жоғары локализация үлесі және заманауи технологиялардың трансферті қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кәсіпорындарды қолдау үшін жыл соңына дейін арнайы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылатын болады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Машина жасау саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасы дайындалуда.
Оны іске асыру осы саладағы өндірісті 2 еседен астам, экспорт көлемін 3 есеге, негізгі капиталға салынатын инвестицияны 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді", - деді Әлихан Смайылов.
Биыл Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жол картасын өзектендіру жұмыстары аяқталады.
Онда тоқыма өндірістерін құру кезінде инвестициялық шығындарды өтеу, мемлекеттік сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдау шаралары қарастырылады.
Жалпы, өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттер белгіленді. Енді оларды белсенді түрде іске асыруды қамтамасыз ету қажет", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Қорытындылай келе, ол кәсіпорындарда инновациялық технологияларды енгізудің жаңа тәсілдерін, ірі жобаларды инфрақұрылымдық және ресурстық резервтермен басым түрде қамтамасыз ету механизмін әзірлеу, сондай-ақ инвестиция тарту жұмыстарын өзектендіру қажеттігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2023, 17:25 32146
Бейжіңдегі "Тыйым салынған қала" мұражайында Қазақстанның көне жәдігерлері көрсетілуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тыйым салынған қала сарай кешенінде (Гугун) "Серіктестік жолындағы гүлденген әлем: "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы ынтымақтастық" көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көрмеде Қазақстанның көне жәдігерлері көрсетілуде, сондай-ақ Бейжіңге "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы жеткізген "Алтын адамның" қабірін қазу барысында табылған заттар мен киім-кешектің элементтері ұсынылды, олар қытай қоғамын біздің еліміздің аумағын мекендеген халықтардың ежелгі тарихымен, мәдениетімен, өмір салтымен және дәстүрімен таныстырады.
Көрмеде Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі халықтардың мәдени мұралары, сондай-ақ сақ жауынгерінің қабірінен табылған алтын заттар (б.з.д. V-IV ғғ.) ұсынылды.
Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасының 10 жылдығына арналған көрме 2023 жылдың 28 қыркүйегінен 2024 жылдың 5 қаңтарына дейін Бейжіңдегі тыйым салынған қала мұражайында көрсетілетін болады. Аталған көрменің шеңберінде Қазақстандық экспозициялармен қатар Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ежелгі экспонаттары да ұсынылған.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Нұрлан Аққошқаров Қазақстан мен Қытайдың археологиялық жұмыстарының негізгі жетістіктерін атап өтіп, Есікте табылған сақ жерлеу орындары мен артефактілердің тарихын көпшілікке таныстырды.
Салтанатты шараға ҚХР Мәдениет және туризм Министрі Ху Хэпин, Тыйым салынған қала сарай кешенінің Директоры Ван Сюйдун, Қытай мәдени мұралар қорының Директоры Лю Юйчжу, Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиеева, сондай-ақ өнер қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2023, 16:59 32576
Теңге бағамы қыркүйек айында 3,4 пайызға әлсіреді
Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,4 млрд АҚШ долларын құрады
Достарға айту
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, теңге бағамының 1 АҚШ долларына қатынасы 474,99 теңгеге дейін 3,4%-ға әлсіреді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 158 млн-нан 162 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте 1155 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 34%-ын және күніне 55 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын үнемі және біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін қыркүйекте биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 200 млн АҚШ долларын немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 6%-ын құрады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКҚ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту аясында Ұлттық Банк қыркүйекте 60 млн АҚШ долларына валюта сатып алды.
Ұлттық Банк қыркүйекте валюталық интервенция жүргізген жоқ.
Қазанда Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады. Ұлттық Банктің алдын ала жоспарына сүйенсек, қазан айында қажетті трансферттер сомасы бойынша Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде Ұлттық қордан 1,5 млрд-тан 1,6 млрд АҚШ долларына дейін валюта сатуды көздейді. Қазан айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу - 100 млн-нан 150 млн АҚШ долларына дейін, ҚДКҚ активтерінің валюталық үлесін арттыру үшін валюта сатып алу - 50 млн-нан 70 млн АҚШ долларына дейін болады деп күтілуде.
Ұлттық Банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
03.10.2023, 11:23Қазақстанда жыл соңына дейін Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады 03.10.2023, 17:25 15286Президент "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамына барды03.10.2023, 17:32 14976Қазақстан мен Того Республикасының президенттері халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады03.10.2023, 17:39 14791Мас күйінде көлік жүргізетін және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге ең қатаң шара қолдану керек03.10.2023, 17:47 14431Мемлекет басшысы CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады
28.09.2023, 16:57 111691Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін28.09.2023, 16:46 111011ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:38 110851Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын29.09.2023, 17:58 95316Қазақстанда автомобиль өндірісі 28 пайызға өсті29.09.2023, 17:26 92951"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды
28.09.2023, 16:57 111691Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін28.09.2023, 16:46 111011ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:38 110851Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын29.09.2023, 17:58 95316Қазақстанда автомобиль өндірісі 28 пайызға өсті29.09.2023, 17:26 92951"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды