09.12.2022, 11:51 35251

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Бішкекке келді

Отырыс күндізгі форматта өтеді
Бішкек. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары - Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянның, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің және ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің қатысуымен күндізгі форматта өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны