27.01.2023, 11:50 51646

Қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары жаңартылады

Қағидаларда қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты әскери полиция органдары лауазымды адамдарының тәртібі, шаралары, іс-әрекеттері егжей-тегжейлі баяндалған
Астана. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 343 бұйрығымен бекітілген "ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын" қайта өңдеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство қағидалар Қылмыстық-процестік кодекстің 96-бабының талаптарына, "Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" және "Әскери полиция органдары туралы" Заңдардың нормаларына сәйкес әзірленгенін айтты. Онда қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты әскери полиция органдары лауазымды адамдарының тәртібі, шаралары, іс-әрекеттері егжей-тегжейлі баяндалған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталының "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 27 қаңтарына дейін танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс әскери полиция органдары туралы заң қабылдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны