07.02.2022, 18:05 23906

Жұмабеков Стратегиялық жоспарлау агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Жұмабеков Стратегиялық жоспарлау агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
Сурет: ҚР СЖРА
НҰР-СҰЛТАН. 7 АҚПАН - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевтің бұйрығымен Агенттік аппаратының басшысы болып Арман Жұмабеков тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Арман Дайырұлы Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 
 
Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады. 
 
Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. 
 
2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 
 
2019 жылы — ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 
 
2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды.
 
Марапаттары: "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін" медалі.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Ұлттық экономика министрінің (ҰЭМ) бұйрығымен Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны