26.05.2025, 15:21 45676

ТЖМ құтқарушылары үйректер мен күшіктерді құдықтардан алып шықты

ТЖМ құтқарушылары үйректер мен күшіктерді құдықтардан алып шықты
Сурет: Depositphotos
ТЖМ қызметкерлері Қазақстанның түкпір-түкпірінде қиыншылыққа тап болған жануарларға көмек көрсете отырып, өздерінің жедел әрекет ететіндігі мен қамқорлық таныта білетіндігін тағы да дәлелдеді.

Айта кетсек, Өскеменде төрт үйрек терең құдыққа құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Куәгерлер 112 пультіне қоңырау шалғаннан кейін жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына келген. Жағдайды бағалай отырып, олар құдыққа түсіп, барлық үйректерді шығарды. Балапандар зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ, Таразда кішкентай күшік ашық құдыққа құлап кеткен. Оның дауысын естіген тұрғында құтқарушыларды шақырады. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері құдыққа жедел түсіп, күшікті аман-есен алып шықты.

Құтқарушылардың кәсібилігі мен әрбір жағдайға немқұрайлылықпен қарамайтындығының арқасында барлық жануарлар құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылған.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны