27.03.2025, 15:15 63546
ҚМА Алматыда бірқатар микроқаржы ұйымдарының құқыққа қайшы қызметін анықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысының халықтың қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз несие беру схемаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Creditum" МҚҰ, "Sofi Finance" МҚҰ, "Hava Finance" МҚҰ, "SF Offline" МҚҰ, "POS Credit" МҚҰ, "Сәлем Кредит" МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды "KOKE.KZ", "TENGO.KZ", "HAVA.KZ" платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген.
Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген.
Аталған қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған.
Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған.
Мысалы, қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген.
Осылайша, микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған.
Аталған заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде шығын келген.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.06.2026, 09:16 11871
ҚР ІІМ: Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
28 мамырда Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымға тиесілі call-орталықтардың қызметі тоқтатылды. Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін пайдаланылғаны анықталды. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Олардың арасында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартумен айналысқан қызметкерлер бар. Тоғыз мекенжайда тінту жүргізіліп, шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленді.
Қазір тәркіленген техникадағы мәліметтер зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізілуде", - деді спикер.
Бұл call-орталықтардың жабылуы Қазақстан азаматтарын есірткі қылмыстарына тарту фактілерін азайтып, халықаралық есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды жауапқа тартуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 13:59 52466
Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды
Достарға айту
Қазақстан мен Грузия Ішкі істер министрліктерінің Тбилисидегі келіссөздерінен кейін синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан мен Грузияның ішкі істер органдары халықаралық іздестіру және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бағытындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыруда.
Еске салсақ, ақпанда Астанада Қазақстан мен Грузия ІІМ басшыларының кездесуі өтіп, тараптар ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және халықаралық іздеудегі қылмыскерлерге қарсы күрестегі үйлестіруді күшейтуге келіскен болатын.
Жуырда Қазақстан ІІМ басшысы Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Тбилисиге барып, Грузия ІІМ министрі Сулхан Тамазашвилимен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің қабылдауында болды.
Ынтымақтастықтың жандануы аясында бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері де бар.
Атап айтқанда, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталды.
Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты да бар.
Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Тбилисиде мефедрон өндіруді ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды.
Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырып, химиктің рөлін атқарған.
Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түсті.
Тергеу барысында оның Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап бергені анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2026, 09:30 53641
ІІМ еліміздің бірқатар өңірінде синтетикалық есірткі өткізудің арналарын жойды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында ел аумағында синтетикалық есірткіні тарату арналарының жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастыруда. Мамыр айының екінші онкүндігінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен синтетикалық есірткінің бірқатар аса ірі партияларын заңсыз айналымға шығару жолдары кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала тұрғыны ұсталып, одан екі килограмнан астам альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Ең ірі мегаполисте тағы бір күдікті ұсталды. Жігіттің тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен бір килограмм синтетикалық есірткі мен психотроптық әсері бар заттар дәрілер тәркіленді.
Шығыс Қазақстан облысында интернет-дүкен кураторының тапсырмасымен өңірлерге есірткі тасымалдаумен айналысқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Күдіктіден екі килограмнан астам есірткі тәркіленді.
Қарағанды облысы Алматы - Екатеринбург тасжолында ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаған есірткі таратушы ұсталды. Автокөлік салонын тінту барысында бір килограмм альфа-PVP синтекалық есірткісі тәркіленді.
Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы алты килограмнан астам. Бұл заңсыз айналымға түсуі мүмкін 18 мыңнан астам бір реттік дозаның жолы кесілгенін білдіреді. Яғни, мыңдаған жастардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі іс жүргізу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жазғы демалыс қарсаңында ІІМ жастарды есірткі таратып, "жеңіл ақша" табу туралы жалған ұсыныстарға алданбауға шақырады. Есіңізде болсын: қылмыскерлер сізді "шығын" ретінде ғана пайдаланады. Өз жақындарыңыз туралы ойланыңыз", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 20:13 90336
Алматы облысында 11 сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Әлеуметтік желіде мектеп қабырғасында оқушының мұғалімді ұрып-соққан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алматы облысының әкімдігі бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.
Ресми жауапқа сәйкес, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда Шамалған ауылының Жаңа қазақ орта мектебінде болған. Сағат 09:00 шамасында мұғалім мен 11-сынып оқушысының арасында жанжал туындаған. Оқытушы жасөспірімге ескерту жасап, сабаққа баруын талап еткен.
Алайда оқушы ескертулерді агрессивті түрде қабылдап, педагогке қол жұмсаған.
- Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы қолданыстағы заңнама аясында анықталады, тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі. Мектеп әкімшілігі, білім бөлімі, сондай-ақ құзырлы органдар тарапынан қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 16:22 91131
Алматы облысында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: үш күдікті ұсталды
Достарға айту
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында ер адам пышақ жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 11 мамырда Нұра ауылының 24 жастағы тұрғыны ауруханада көз жұмған. Оған белгісіз адамдар пышақ сұққан.
- Оқиға туралы хабарлама түскен бойда полицияның барлық сыртқы жасағына бағыт-бағдар беріліп, блокпостар қойылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның үш ауылдасы ұсталды, - деп хабарлады департаменттен.
Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" баптары негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
- Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп нақтылады өңір полициясы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 16:05 137951
Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2022–2024 жылдар аралығында тиісті рұқсат құжаттарын алмай-ақ «Семья» тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысына қатысу сылтауымен жеке тұлғалардың қаражатын тартуды ұйымдастырған.
Азаматтармен пәтерлер мен коммерциялық нысандарды алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Жобаның заңды көрінісін қалыптастыру үшін әлеуметтік желілерде жарнама жүргізіліп, Қостанай қаласында кеңсе жалға алынған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде «Семья» тұрғын үй кешенінің үшінші кезегінің құрылысына 28 жеке және 1 заңды тұлғадан жалпы сомасы 162 млн теңгеден астам қаражат тартылған.
Алайда күдікті бұл қаражатты нысанды белгіленген мерзімде аяқтамай, өз қалауы бойынша жұмсаған. Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенінің үшінші кезегінің құрылысы аяқталмаған.
Сот санкциясымен күдіктінің мүлкіне, оның ішінде Hyundai Santa Fe автокөлігіне, үш бөлмелі пәтеріне және жертөле коммерциялық үй-жайларына тыйым салынды.
Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚМА ескертеді: Құрылысқа қатысу үшін қажетті рұқсат қағаздары мен кепілдіктерсіз қатысу қаржылық шығындарға ұшырау қаупін арттырады. Ақшаны инвестицияламас бұрын абай болуды, тексерілмеген құрылыс компанияларына сенбеуді және жүзеге асырылып жатқан жобалардың заңдылығына міндетті түрде көз жеткізуді ұсынамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 10:54 138721
Есірткімен күрес: жыл басынан бері қанша қылмыс тіркелді
Сурет: ҚР ҰҚК
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді.
Нәтижесінде шамамен 240 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг метамфетамин, 53,5 кг апиын, 74,2 кг гашиш, 80,9 кг марихуана және 19,3 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан астам прекурсорлар бар.
Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 43 ҚР азаматы және 8 шетелдік ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 11:28 161236
Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды
Достарға айту
Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда.
Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.06.2026, 18:03Еуропарламент Қазақстандағы саяси жаңғыру мен Қазақстан-ЕО стратегиялық әріптестігінің болашағын құптайды
08.06.2026, 11:23 120721Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды08.06.2026, 12:18 118466Түркістан облысының прокуроры тағайындалды09.06.2026, 10:55 91051Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады10.06.2026, 18:33 76806"Оқитын ұлт" жалпыұлттық жобасы аясында Финляндиядағы Қазақстан Елшілігінде әдеби кеш өтті10.06.2026, 18:28 73916Қазақстанның Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты
15.05.2026, 21:02 277756Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 251281Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 244196Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243571Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті15.05.2026, 19:43 240681Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты

