13.12.2024, 12:01 59071
Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталу сатысында
Достарға айту
Алматы облысының прокуратурасы Ш. Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасынан.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.
Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз.
Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз.
Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз.
Алматы облысының прокуратурасы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.01.2025, 12:30 5121
Алматының 19 жастағы тұрғынынан алаяқтық қоңырауларға арналған жабдық тәркіленді
Достарға айту
Құқық қорғау органдары, "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ арасында жасалған меморандум шеңберінде Бас прокуратура және Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД "Киберпол" бөлімшесінің қызметкерлері "Sim-Box" жабдығын заңсыз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Жедел іс-шаралар барысында жалдамалы пәтерде мегаполистің 19 жастағы тұрғынынан "SIM-Box" жабдығы, маршрутизатор және қазақстандық ұялы операторлардың 460-тан астам сим-картасы тәркіленді.
Ұсталғанның айтуынша, ол ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік желілер арқылы жұмыс тауып, нұсқаулар алып, курьер арқылы оған жабдық тапсырған.
Жедел іс-шаралар барысында жалдамалы пәтерде мегаполистің 19 жастағы тұрғынынан "SIM-Box" жабдығы, роутер және қазақстандық ұялы операторлардың 460-тан астам сим-картасы тәркіленді. Ұсталғанның айтуынша, ол ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік желілер арқылы жұмыс тауып, нұсқаулар алып, курьер арқылы оған жабдық жолданған. "Sim-Box" жабдығын алаяқтар телефон қоңырауларын жаппай генерациялау, тарату және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 213-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды ("абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану"). Бұл Алматы қаласында соңғы үш айда "Sim-Box" жабдығын пайдаланудың анықталған алтыншы жағдайы. Барлық күдіктілер, соның ішінде жақын шетелдердің азаматтары қамауға алынды.
2025 жылғы 21 қаңтарда Медеу ауданының прокуратурасы сотқа екі адамға қатысты қылмыстық іс жолдады: біреуінен "Sim-Box" тәркіленді, ал екіншісі "дропер" болды. Тергеу барысында сот жәбірленушілердің 7,8 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын Қылмыстық жолмен иемденген күдіктілердің банктік шоттарына тыйым салды.
Жоғарыда аталған баппен қатар оларға алаяқтыққа жәрдемдесу жүктеледі, оларды жасағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді.
Бас прокуратура азаматтарды сақ болуға, күдікті қоңыраулар туралы мәліметтер болған кезде жеңіл табыс ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, телефон алаяқтарын әшкерелеу үшін құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 12:10 5851
Қазақстанда 2024 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 870 тен астам қылмыс жасалған
Достарға айту
Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 5%-ға (140 272-ден 132 778-ге дейін) төмендеді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Адам өлтіру (-4%, 591-ден 566-ға дейін), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-10%, 1806-дан 1627-ге дейін), тонау (-24%, 2030-дан 1551-ге дейін), ұрлық (-28%, 42639-дан 30593-ке дейін), мал ұрлау (-31%, 1520-дан 151-ге дейін), кәмелетке толмағандардың қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар (-0,2%, 876-дан 874 дейін) және жасөспірімдер қылмысы (-2%, 1 925-тен 1 890-ға дейін) қысқарды.
Заңсыз әрекеттердің бұл санаттары халық үшін барынша жаралы болып табылады.
2024 жылы алаяқтықтың шамалы өсуі тіркелді (+0,8%, 44 786-дан 45 156-ға дейін), бұл ретте интернеттегі алаяқтық 5%-ға (21 777-ден 22 870-ке дейін) өсті.
Мұндай құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен басталып, кейіннен зардап шеккендерге несие ресімдеумен аяқталады.
Осыған байланысты Бас прокуратураның тікелей үйлестіруімен банктерге және телекоммуникация операторларына қатысты 30 қылмыстық іс тіркелді.
2024 жылғы шілдеде Ұлттық банктің негізінде алаяқтыққа қарсы орталық құрылды, ол қатысушылардың заңсыз транзакцияларды анықтауына және жедел бұғаттауына және нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуына мүмкіндік береді. Оған 60-тан астам ұйым (банктер, ірі төлемді, микроқаржылық ұйымдар және Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері) қосылған.
Алаяқтыққа қарсы орталық 1,2 миллиард теңгенің аударымдарын бұғаттап, 81 миллион теңгені өз еркімен қайтартты.
Өткен жылы негізсіз байығаны үшін "дропперлерден" азаматтық тәртіпте ақшалай қаражат өндіріп алу практикасы енгізілді.
Мәселен, Павлодар облысында соттың 83 шешімі бойынша 110 миллион теңге, Шығыс Қазақстан облысында 100 миллионнан астам теңге өндіріп алынды.
Сонымен қатар байланыс операторларымен бірлесіп SIM-бокстарын анықтау әдістемесі әзірленді (оның иелерін сәйкестендірместен, шетелден интернет арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін жабдық).
Ішкі істер министрлігі 19 құрылғы мен 6 мыңнан астам SIM картаны анықтап, тәркіледі.
Сонымен бірге алаяқтықпен күресу мақсатында бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды.
Осылайша, 2024 жылдың 20 тамызында "Банкілер және банкілік қызмет туралы" заңға кредит берушілерді азаматтарға заңсыз ресімделген қарыздарды есептен шығаруға және алаяқтық фактілері бойынша істерді тергеу кезінде олардың күшін тоқтата тұруға міндеттейтін түзетулер күшіне енді (Заңның 34-бабының 15-тармағы).
Мұндай шаралар азаматтарды қорғаудың тиімді әдісі болып табылады.
Жұмысты жетілдіру нәтижесінде есірткі қылмыстарын анықтау айтарлықтай өсті (+17%, 7 165-тен 8 363-ке дейін).
Заңсыз айналымнан 25 тоннадан астам есірткі құралдары, оның ішінде 1,5 тоннадан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Бас прокурордың нормативтік нұсқауы бойынша құқық қорғау органдары мен прокурорлар есірткі зертханаларын белсенді түрде анықтауға және есірткі топтарының қызметін тоқтатуға, жарнама мен есірткі насихатын жоюға бағдарланған.
Нәтижесінде, есірткі саудасымен айналысатын 13 қылмыстық топтың қызметі тыйылды, оның 2-уі трансұлттық.
95 есірткі зертханасы анықталып, жойылды.
Бас прокуратураның "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасын жүзеге асыру аясында 47 мыңға жуық есірткі граффитиі тіркелді және жойылды.
36 есірткі жарнамалаушы ізін суытпай ұсталды.
01.02.2025ж. Есірткі өндіру мен сатуды ұйымдастырушылардың жауапкершілігін күшейту туралы заң қабылданды, сондай-ақ қарапайым есірткі курьерлерінің жауапкершілік шегі төмендетілді.
Балаларға қатысты жасалған қылмыстар прокуратураның ерекше назар аударатын саласы болып қала береді.
Мәселен, 2024 жылы прокурорлар бүкіл ел бойынша "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын жүзеге асырды, оның мақсаты өмірлік жағдайы қиын немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау болды.
Прокурорлардың үйлестіруімен прокуратура, полиция, білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау қызметкерлерінен және психологтардан құралған (115 мыңнан астам отбасын қамтыды) жылжымалы топтар құрылды.
Нәтижелері бойынша балаларға күш қолдану арқылы жыныстық қол сұғушылық көрсету, отбасындағы қинау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамау және т.б. фактілері бойынша 73 қылмыстық іс тіркелді.
Сонымен бірге, прокурорлар тіркеуден жасырылған, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 40 қылмысты анықтады.
Өткен жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы істерді тергеу аясында салғырттық, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау және балаларға қатысты жасалған қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ зардап шеккен балалардың ата-аналарына қатысты 40 қылмыстық іс тіркелді (3-еуі сотталды).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 11:28 5881
БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар тобы ұсталды
Достарға айту
БҚО криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына тиесілі бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар тобын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсанында күдіктілер Батыс Қазақстан облысының ауданында жайылымда жүрген 44 жылқыны ұрлап, оларды көршілес ауданға, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жеріне айдап әкеткен.
Барлық ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Келтірілген залал 17,6 миллион теңгені құрады.
Ұсталғандардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Топ құрамында облыс орталығы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары болған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ осы топтың басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 11:16 26296
Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасайды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.
Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.
Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды.
Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", - деді ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 17:51 40576
Яндекс карталар мен 2ГИС Шымкент жүргізушілерін жолдың қауіпті учаскелері туралы ескертеді
Достарға айту
Яндекс карталар мен 2ГИС Шымкент жүргізушілерін жолдың қауіпті учаскелері туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қала прокуратурасының Үйлестіру кеңесінің отырысында Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
ЖКО-ның негізгі себебі жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзуы болып табылады.
Жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерін талдау нәтижелері бойынша қала прокуратурасымен Яндекс карталары және 2ГИС-пен бірлесіп навигаторларға аса қауіпті учаскелердің картасы және оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясы енгізілді.
Картаға қала бойынша осындай 30-ға жуық аймақ қосылды.
Яндекс карталарындағы және 2ГИС-тегі дыбыстық ескертулер, егер жүргізуші қауіпті учаскеге дейін кемінде 300 метр жылдамдықтан асып кетсе іске қосылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қалалық прокуратураның ерекше бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:48 40806
Атырауда пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірген
Достарға айту
Атырауда пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Polisia.kz
Күдікті тұрғын үйлердің пластикалық терезесін күшпен ашып, жалпы сомасы 10,3 млн теңге тұратын әртүрлі алтын бұйымдарды ұрлаған.
Тексеру барысында 35 жастағы күдікті алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардтарға тапсырғаны анықталды. Жәбірленушілердің бірі ломбардтан тәркіленген заттардың ішінен өзіне тиесілі 7 бұйымды таныды.
Қазіргі таңда күдікті ұсталды, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:18 41076
Адам өлтірді деген екі күдікті Ресейден экстрадицияланды
Достарға айту
Адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздық негізінде танысын өлтіруді жоспарлаған.
Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген.
Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақаттарын келтірген.
Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленуші өмір белгілерін бермегеніне көз жеткізген соң, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жәбірленуші ауыр дене жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.
Күдіктілердің екеуі ізін суытпай ұсталып, әртүрлі жазаларға тартылған. Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.
2024 жылдың мамырында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды.
Қалған екі іздеудегі күдікті өткен жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталып отырған қылмыстарды жасағаны үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осылайша, аталған қылмыстарға қатысы бар барлық тұлғалар әшкереленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:12 41291
СҚО үш азамат цифрлық активтердің заңсыз айналымы үшін сотталды
Достарға айту
ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Үш азамат тиісті лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізген. Олар криптовалюта биржаларынан алынған қаражатты пайдаланып, криптокошелек арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбас операцияларын жүзеге асырған. Қазақстан Республикасының аумағында қызметі тыйым салынған криптобиржалар арқылы жасалған бұл операциялар заңсыз болды.
Заңсыз айырбас операциялары нәтижесінде схеманы ұйымдастырушылар цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастаған. Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден астам.
380 адам осы үш азаматпен криптовалюта бойынша транзакциялар жасағаны анықталды, бұл іс-әрекет банктік шоттардан алынған үзінділермен расталды.
Сот үш күдіктіге қатысты шешім қабылдап, оларды 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүліктерін тәркілеуге шешім қабылдады.
Құны шамамен 400 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 10 млн теңге көлемінде активтер, 150 млн теңге бағасындағы жылжымайтын мүлік, жалпы құны 213 млн теңге болатын бес көлік, 12 млн теңге тұратын квадроцикл және қымбат компьютерлік жабдықтар бар.
Мұндай құрылымдар өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.
Мысалы, осындай схемалар арқылы 2024 жылы 10 миллиард теңгеге есірткі табыстары шығарылған.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының "Цифрлық активтер туралы" Заңына сәйкес елдегі цифрлық активтердің айналымына қатысты кез келген қызмет лицензияны қажет етеді.
ҚМА қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.01.2025, 11:17Алматы облысның прокуратурасы өнер мектебінің жекеменшікке сатылып кетуінің алдын алды 23.01.2025, 11:43 168062024 жылы 293 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды23.01.2025, 12:25 6201Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды23.01.2025, 11:28 5841БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар тобы ұсталды23.01.2025, 12:10 5541Қазақстанда 2024 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 870 тен астам қылмыс жасалған
17.01.2025, 11:51 101996Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 1017612024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды17.01.2025, 11:17 819112024 жылы 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді17.01.2025, 11:14 71356Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады17.01.2025, 11:11 71211Таразда көптеген заң бұзушылықтар анықталған қайырымдылық мектебі жабылды
30.12.2024, 17:17 154011Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 148156Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147826Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147341Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137261Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті