16.01.2023, 09:26 24196

Әуе саяхаты бір жылда 17%-ға қымбаттады

Екі өңірде бағаның өсуі 50%-дан асты
Әуе саяхаты бір жылда 17%-ға қымбаттады
Астана. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы әуе жолаушылар тасымалы қызметінің құны бір жылда 16,8%-ға өсті.
 
Energyprom.kz мәліметінше, бағаның қымбаттауы ең алдымен Батыс Қазақстан облысында байқалды (67%). Тағы екі облыста бағаның өсуі тіркелді. ОлАбай облысы (жылына плюс 57,3%) және Қостанай облысы (плюс 43,2%).
 
Тек Ұлытау (20,8%) және Алматы облыстарында (3,9%) ғана бағаның төмендеуі байқалады.
 

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,5 пайызға көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді - 7,4 миллион адам", - делінген хабарламада.

 
Сонымен қатар сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылы аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілді.
 
6 қаңтарда Қазақстанда "ашық аспан" режимі бес жылға, яғни 2027 жылға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Бұл рейстер географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстердің санын көбейтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда әуе компанияларға бір сағат кешіктірілгені үшін айыппұл тарифтің 3 пайызын құрайтын болады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны