25.08.2022, 10:24 37811

2023 жылы АЕК, ЕТЖ және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері қандай болады: 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы жарияланды

2023 жылы АЕК, ЕТЖ және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері қандай болады: 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. 25 ТАМЫЗ - Ашық НҚА сайтында "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Заң жобасымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
 
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге; 
 
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 21 907 теңге; 
 
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге; 
 
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге; 
 
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге болып белгiленеді.
 

Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,8 пайыз болып белгiленсiн", - делінген құжатта.

 
Құжат 2023 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферттің мөлшерiн 2 200 000 000 мың теңге сомасында көздейді. 
 
ҚР Ұлттық қорынан берілген нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 000 000 000 мың теңгені құрайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет 2023-2025 жылдары ЖІӨ өсімін 4% деңгейінде болжап отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны