12.09.2022, 15:26 16901

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімі 15 қыркүйекте аяқталады

Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі төрт күн қалды.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекеттік кірістер комитетінде жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі төрт күн қалғанын еске салды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.
 
Осы жылы декларация тапсыру бойынша міндеттеме келесі санаттарға тиесілі:
 
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
 
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
 
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
 
- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.
 
Комитетте 2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс екенін түсіндірілді. Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты.
 
Сондай-ақ, МКК егер салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары алғашында ескертумен шектелетінін еске салды. 
 
Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыды, ол бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды.
 
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге әлі 85 мыңнан астам адам декларацияны тапсырмаған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны