02.03.2023, 12:45 88056

Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр

Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр
Инфляцияның біртіндеп төмендеуі болжануда

Астана. 2 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы төмендеуіне орай импорт арқылы келетін тауарлар арзандайтынын айтты.

Баға төмендейді деп санаймын. Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі. Ал доллар бағамының төмендеуін ескере отырып, импорт тауарлардың бағасы біртіндеп түседі", - деді Е. Жамаубаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.



Сонымен қатар ол экономикада инфляция да біртіндеп төмендейтінін жеткізді.

Жылдың басында инфляцияның (20 пайыз) жоғары деңгейі байқалып отыр. 2-3 айдан кейін бұл көрсеткіш төмендейді деп санаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз шамасында белгіленді. Атап айтқанда, елімізде тауар бағасы түседі деп есептейміз", - деді Қаржы министрі.


Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 21,3% құрады. Ақпан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңгеге дейін 3,2%-ға нығайды.

$1 = 442,11 теңге.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны