15.06.2026, 15:28 461

Еліміздің экономикасы 4 пайызға өсті

Қазақстан экономикасының өсуі 2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша 3,7%-ды құраған. Бұл туралы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша өткен кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім - 9%. Машина жасауда өндіріс көлемі 22,2%-ға ұлғайды. Қаңтар-мамыр айларында елімізде 81 мыңнан астам автокөлік құралдары жасалды. Өсім химия өнеркәсібінде 17,8%-ға және құрылыс материалдары өндірісінде 18,7%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6% болды. Отын-энергетика кешеніне де назар аударылды.

Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу және қолда бар өсу резервтерін тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Министрлерге қажетті өсу қарқынына қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдау тапсырылды. Үкімет басшысы жарты жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін бекітті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны