19.04.2021, 20:08 16502

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сататын интернет-дүкенді іске қосты

Жаңа платформада сатып алу үшін пайдаланушылар тіркеуден өтіп, жеке кабинет ашуы қажет.
НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - Қазақстан Ұлттық Банкі монеталары интернет-дүкенінің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Ұлттық Банкі осы жылдың 19 сәуірінен бастап коллекциялық монеталарды онлайн-сатуды қалпына келтіру мақсатында kazcoins.nationalbank.kz жаңа платформасында монеталардың интернет-дүкенін пилоттық режимде іске қосады.
 

Жаңа платформада сатып алу үшін пайдаланушылар тіркеуден өтіп, жеке кабинет ашуы қажет", - деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

 
Оның ақпараты бойынша, 2021 жылдың 20 сәуірінен бастап "Республика игілігі" сериясынан "MEDEY" коллекциялық монеталары интернет-дүкен арқылы сатылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны