25.03.2021, 16:46 17874

Ұлттық банк: номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттарды жиі қолдан жасайды

НҰР-СҰЛТАН. 25 НАУРЫЗ - 2020 жылы жалған банкноттардың саны 38%-ға қысқарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета). Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді", - деді Ұлттық Банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев.

 
Оның айтуынша, қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%.
 
Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны