31.03.2022, 18:24 17151

Сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы өзгеріссіз қалады - Энергетика министрлігі

Сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы өзгеріссіз қалады - Энергетика министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - Сұйытылған газдың шекті бағасы 2022 жылғы 2-тоқсанда ағымдағы деңгейде белгіленеді және 28 000,00 тг/т (ҚҚС-сыз) құрайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2022 жылғы 1 сәуірде ҚР Энергетика министрінің "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту туралы" бұйрығы күшіне енеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қаңтарында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (ҚР БҚДА) бұйрығымен Қазақстанда автогаз құю станцияларында автокөліктерге жанармай құю үшін 180 күнге (ҚҚС қоса алғанда) сұйытылған газдың шекті-бөлшек сауда бағасы белгіленген
 
ҚР БҚДА бұйрығына сәйкес, өңірлердегі сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы ҚҚС-пен литріне 50-ден 75 теңгеге дейін құрады.
 
Жанар-жағармай бағасын асыра бағалаған мұнай өнімдерін сатушылар жазаға тартылады деп уәде берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны