17.10.2022, 15:04 8221

Жол құрылысшыларының жұмысында бес мыңнан астам бұзушылық анықталды

Жол құрылысшыларының жұмысында бес мыңнан астам бұзушылық анықталды
Астана. 17 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Осы жылдың 9 айында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ел өңірлеріндегі жолдарға 10 мыңға жуық тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 5,1 мың олқылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Сондай-ақ, жол-құрылыс материалдарының 23 мыңнан астам үлгілері іріктеліп, сынақтан өткізілді, оның 8 мыңы республикалық желіге, 15 мыңы жергілікті желіге тиесілі. Оның ішінде 5,6 мың материал сынамалары немесе 24% белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Республикалық желі бойынша 12% (1016), жергілікті желі бойынша 30% (4598) сәйкессіздіктер анықталды", - деді ИИДМ.

 
Нәтижесінде мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 миллиард теңгенің жұмысы қайта жасалынды.
 
Сапа орталығы жосықсыз компанияларға қатысты облыстық мемлекттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына 100-ден астам өтініш жолдады.
 

Нәтижесінде бүгінгі күні 18 жағдайда техникалық қадағалау мамандарының аттестаттары тоқтатылып, 2 мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды, техникалық қадағалау қызметтері мен мердігерлерге салынған айыппұл сомасы 29,3 млн теңгені құрады", - деп хабарлады ведомствода.

 
ИИДМ-де республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар туралы да айтылды.
 
Бүгінгі таңда, ведомствоның мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда 300-ден астам авариялық-қауіпті учаске бар. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі - үй жануарларының жол бойына шығып кетуі.
 

Үй жануарларының иелері (республикалық автожолдардың жанында тұратын) жарық шағылыстырғыш ленталармен, сондай-ақ жарық шағылыстырғыш аэрозольмен қамтамасыз етіледі. Республикалық трассалардың авариялық-қауіпті учаскелерінде шу жолақтарының санын ұлғайту жоспарлануда. Қосымша стробоскоптар мен торлы қоршаулар орнатылады", - деп хабарлады министрлікте.

 
Ведомствода жоғарыда аталған шаралар жыл сайын республикалық трассаларды күтіп-ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті.
 
Естеріңізге сала кетейік, ІІМ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері жануарларға соқтығысумен байланысты ЖКО саны 13%-ға өсті. Оларда 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тауып, 135 адам жарақат алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны