01.05.2025, 22:11 74411

Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтілді

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі - мемлекеттік мереке және демалыс күні болып табылады. Мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылғы 18 қазанда 1 мамырды Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойылды, осылайша Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күнін мерекелеу тоқтатылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының деректері бойынша республикада бейбітшілік пен келісімде 130-ға жуық этнос тұрады. Халықтың бірлігі - толеранттылық пен мәдениетаралық диалогқа негізделген күшті және гүлденген мемлекеттің көрсеткіші болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны