22.02.2022, 18:30 27316

Алматыда қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды.
Алматыда қару-жарақ сақталған орын табылды
Сурет: Polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды.

Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексерді. 

Импровизацияланған орыннан 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “Sako TRG”. 

Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады. 

Сонымен қатар, бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.

Ақпарат көзі: polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны