22.04.2022, 12:37 16406

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов іздеуге жарияланды

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов іздеуге жарияланды
Сурет: gov.kz
ПАВЛОДАР. 22 СӘУІР - Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өңірдің бұрынғы полиция басшысы Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.
 

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады", - деп нақтылады ведомствода.

 
Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.
 
Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
 
Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Мәсімов 17 қаңтарда Павлодар облысы департаментінің бастығы қызметінен босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны